15
октябрь
2024
"Көңілді доптар" спорттық ойын
"Көңілді доптар" спорттық мерекесі – балабақша балалары үшін ұйымдастырылатын, қызықты әрі динамикалық шара. Бұл мерекенің мақсаты балаларды дене шынықтырумен айналысуға ынталандыру, қозғалыс дағдыларын дамыту және командалық рухты нығайту. Мереке барысында балалар доптармен түрлі ойындар ойнап, жағымды эмоциялар алып, денсаулығын нығайтады.
Мақсаты:
- Балаларды физикалық белсенділікке баулу, денсаулықтарын жақсарту.
- Доппен ойнау арқылы ептілік, жылдамдық, икемділік пен командалық жұмыс дағдыларын дамыту.
- Балаларға қуаныш, күлкі, көңілді көңіл-күй сыйлау.
- Балабақшадағы балалар арасында достық пен бірлікті нығайту.
- Спорттық жарыстар арқылы жеңіске деген ынта мен ұмтылысты арттыру.