Кеңес: «Мектепке дейінгі балаларда дағдылар мен әдеттерді тәрбиелеу»
Кеңес: «Мектепке дейінгі балаларда дағдылар мен әдеттерді тәрбиелеу»
«Дағдылар мен әдеттердің маңыздылығын бағалай білген және негізін оларға қалаған тәрбие тұрақты тұрады... Тек әдет қана тәрбиелеушіге тәрбиеленушінің мінез-құлқына, оның жүйке жүйесіне, оның табиғатына осы не басқа қағидаттарды енгізу мүмкіндіктерін береді», - деп жазған орыс педагог К.Д.Ушинский.
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.
Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған бұтақ кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиешілер шешуші рөл атқарады.
Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан- тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым- қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, тәрбиеші істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетіктістерін зер салып талдау керек.
Дағдылар мен әдеттерді тәрбиелеу – баланы жан-жақты дамыту міндеттерінің бірі. Бала бойына сіңдіріп алған әдеттер ұзақ уақыт сақталып, халық даналығы айтқандай, екінші табиғатына айналады. Олардың көбі мектепке дейінгі жаста қалыптасып, бүкіл өмірге қалады.
Психология ғылымында дағдыға автоматтандырылған әрекет деген анықтама берілгенмен, меңгеру үрдісі оны түсінумен міндетті түрде байланысты. Дағдылар біртіндеп жетілдіріледі де, әдеттерге, яғни белгілі жолмен әрекет ету қажеттілігіне айналады. Мысалы, тамақ ішер алдында қолды балабақшада ғана емес, үйде де күнделікті жуып отыру, өз заттарын ұқыпты ұстау және т.б. Мұндай қажеттілікті ойдағыдай қалыптастыру үшін балада олар үшін ең маңызды әрекеттерге деген қатынасы эмоциялық жағынан жағымды болуы керек, және қажет болса, нәтижеге жету үшін белгілі ынта көрсете алуы қажет.
Балада өте ерте, өмірдің бірінші-екінші жылында, оның жүйке қызметінің ерекшеліктеріне байланысты, дұрыс тәрбие болмаған жағдайда зиянды әдеттер пайда болып, бекітіліп алуы мүмкін екендігін есте сақтау қажет (саусақты сору, жуынудан бас тарту, тамақты тәрелкеден қолмен алу, нанды үгу және басқалар).
Мектепке дейінгі балаларда жағымды дағдылар мен әдеттерді тәрбиелегенде келесі қағидаттарды басшылыққа алу қажет:
- тәрбиелеу үрдісінің біртұтастығы мен бірлігі, тәрбиелеу міндеттерінің, әдістері мен құралдарының өзара әрекеттесуі,
- тәрбиелеуде бірізділік пен жүйелілік,
- жаттығуларды уақытта ұтымды үлестіру кезінде дағдылар мен әдеттерді қалыптастырудағы жаттығулардың қайталамалығы.
Мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеуде және мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастырудағы мұндай жағымды нәтижелер тек қаталдық және балаларға деген құрмет пен сеніммен тіркесуінде ғана мүмкін.
Адамгершілік сезімі қоғамдық моральды жеке мүдделерді көрсететін өзімшілдік сезімдерден өзгеше, белгілейді. Адамгершілік сезіміне негізделетін ережелер, талаптар, әрекеттердің себептері мектепке дейінгі балаға әдетте түсінікті, себебі өмірінің алғашқы жылдарынан бастап, оның қоршаған дүниемен қатынастары алуан түрлі. Сондықтан сезімдердің жалпы алғанда баланы және нақты алғанда мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеудегі ерекше рөлі туралы айтуға болады. Өнегелі мінез-құлық формаларын бекіту, олардың әдетке айналуы және қажеттілік баланың жасалған әрекеттерге де, бұл әрекеттерді ұйымдастырып, реттейтін үлкендерге де эмоциялық жағынан жағымды қатынасының негізінде ғана болады.
Мәдени-гигиеналық дағдыларды тәрбиелеуде бастапқы маңызға үлкендердің: тәрбиелеушілердің, ең алдымен ата-ананың мысалдары ие. Олардың сырт келбеті, әрекеттері мен пікірлері, сыпайылылығы, байсалды әңгімелесуі, қоршаған адамдарға және ең алдымен балаларға әділ қарау еліктеудің маңызды, әрі пәрменді мысалы. Мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу үрдісі өте күрделі, ол педагогтардың алуан түрлі әдістерді икемді қолдануын қажет етеді. Тәрбиелеу құралдарын да тұрақты түзетіп отыру керек. Педагог оның қол астындағы балалар тәрбиелеу шараларын қалай қабылдайтынын және бұл шаралар балаларға қалай әсер ететіндігін мұқият қадағалап отыруы керек. Балалардың әрбіреуінің өнегелі тәрбиелілік деңгейін мүмкіндігінше ерте анықтап алу қажет. Байқаулар әр балаға тән әрекеттері мен мүдделерінің, қоршаған адамдармен қарым-қатынастарының ерекшеліктерін, мінез-құлық мәдениетінің дағдыларын меңгеріп алудағы қиыншылықтарын анықтауға мүмкіндік береді.
Баланы танып білу үшін, оның үйіндегі мінез-құлқы туралы мәліметтер қажет. Сондықтан оқу жылы басталмағанша балабақшаға бірінші рет келетін балалардың отбасыларымен міндетті түрде танысып алған дұрыс. Бұл отбасы мүшелерімен танысуға, балдырғанның өмір сүру жағдайларын, тәрбиелеу ерекшеліктері мен дәстүрлерін анықтап алуға, балдырғанмен оған үйреншікті жағдайда қатынасуға мүмкіндік береді.
Бірақ отбасымен қарым-қатынастар осымен әрине шектелмеу керек. Баланың үйіне жылына шамамен екі рет жоспарлы түрде баруды белгілеу қажет. Бұл ата-ананы өз баласын тәрбиелеудің нақты мәселелерін дұрыс шешуге бағыттауға мүмкіндік береді.
Тәрбиелеудің ерекше назарын балалардың күнделікті тұрмысын ұйымдастыру талап етеді. Бір жағынан, тұрмыстың көптеген элементтері күннен күнге қайталанып отырады, ал бұл мінез-құлық мәдениетінің дағдыларын ойдағыдай қалыптастыру үшін өте жағымды, бірақ екінші жағынан, тұрмыста көп жағдайда бала қараусыз қалады. Осының нәтижесінде дәл күнделікті өмірде бала қоғамдық мінез-құлық нормаларын қаншалықты меңгеріп алғанын, олар оған қаншалықты қажет екендігін жақсы көруге болады.
Режимдік үрдістер: жуыну, киіну, ұйықтау, тамақ ішу және тағы басқа мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу үшін жағымды мүмкіндіктерді береді. Талай рет қайталанып, олар балада уақыт сезімін, қажетті белсенділікті, мінез-құлықтағы дербестікті қалыптастыруға қатты әсер етеді.
Орта топтың балалары балдырғандарға қарағанда әдетте көбірек дербес болады. Бұл төрт жастағы балаларда күш көбейіп, бірқатар дағдылары мен әдеттері бар болуымен түсіндіріледі.
Жуыну және киімін шешу дағдыларын меңгеріп алғаннан кейін бес жастағы бала кезекшінің міндеттерін атқара алады, өз бетімен киіне және киімін шеше алады. Баланы тәрбиелеу үшін ол бір нәрсені істей алғандығынан басқа, белгілі міндеттерді атқаруға дағдылануы маңызды.