Консультациялық пункт құру жөніндегі нұсқаулық
Мектепке дейінгі ұйымға бармайтын 1 жастан асқан балалардың ата - аналарына (заңды өкілдеріне) психологиялық-педагогикалық көмек көрсететін консультациялық пункт құру жөніндегі нұсқаулық
1. Жалпы қағидалар
1.1. Осы Ереже КМҚК «№ 147 бөбекжай – балабақша» мектепке дейінгі ұйымындағы ата-аналарға (заңды өкілдерге) арналған консультациялық пункт қызметін регламенттейді.
Мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балалардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) әдістемелік, педагогикалық, консультациялық көмек көрсету бойынша консультациялық пункт (бұдан әрі - КП) құру тәртібін және оның қызметін айқындайды.
1.2. КП мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балалардың ата-аналары (заңды өкілдері) үшін құрылады.
1.3. КП мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыратын мектепке дейінгі ұйымның құрылымдық бірлігі болып табылады.
2. Мақсаттары мен міндеттері
2.1. Қызметтің мақсаты мектепке дейінгі білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету, мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған (1-2 жас) балалардың ата-аналарының (заңды өкілдерінің) педагогикалық құзыреттілігін арттыру болып табылады.
Негізгі міндеттері келесілер болып табылады:
- баланы тәрбиелеу, оқыту және дамыту мәселелерінде ата-аналарға консультациялық көмек көрсету және олардың педагогикалық құзыреттілігін арттыру;
- мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын мектепке дейінгі жастағы балаларды әлеуметтендіруге жәрдемдесу;
- мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын 1-2 жастағы балалардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) көмек көрсету;
- баланың жеке ерекшеліктеріне сәйкес оған білікті көмек көрсететін мектепке дейінгі ұйымдар туралы ата-аналарды (заңды өкілдерді) хабардар ету.
3. Қызметті ұйымдастыру
3.1. КП мектепке дейінгі ұйым базасында басшының бұйрығы негізінде қажетті санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы жағдайлар, өрт қауіпсіздігі, кадрлық қамтамасыз ету қағидаларын сақтау, қажетті бағдарламалық-әдістемелік материалдар болған кезде құрылады.
3.2. Жұмысқа жалпы басшылық жасау мектепке дейінгі ұйымның басшысына жүктеледі.
3.3. КП МДҰ басшысының бұйрығымен бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес жүргізіледі.
3.4. Ата-аналарға (заңды өкілдерге) педагогикалық көмекті ұйымдастыру мектепке дейінгі ұйым мамандарының (әдіскер, тәрбиеші, логопед, медбике, музыка жетекшісі, дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушы, педагог-психолог және басқалар) қызметін кіріктіру негізінде құрылады. Ата-аналарға (заңды өкілдерге) кеңес беруді бір мезгілде бір немесе бірнеше маман жүргізуі мүмкін. Мамандардың жұмыс режимін мектепке дейінгі ұйымның жұмыс режиміне қарай МДҰ басшысы дербес айқындайды.
3.5. Консультациялық қызметтерді алу үшін ата-аналардан (заңды өкілдерден) төлем алынбайды.
3.6. Ата-аналарға (заңды өкілдерге) көмек көрсетудің негізгі нысандары:
- онлайн және офлайн консультациялар ата-аналардың өтініші бойынша жүргізіледі және барлық отбасы мүшелерінің тәрбиесіндегі балаға қойылатын бірыңғай талаптарды әзірлеуге, педагогикалық мәдениетті қалыптастыру бойынша оларды педагогикалық ағартуға бағытталған;
- ата-аналардың (заңды өкілдердің) қатысуымен баламен түзету-дамыту сабақтарын өткізу;
- баламен өзара әрекеттесу тәсілдерін үйрету мақсатында, ата-аналармен және олардың балаларымен бірлескен сабақтар өту;
– мектепке дейінгі ұйымдардың мамандарын тарта отырып, шеберлік сыныптарын, тренингтер, практикалық семинарлар (бекітілген кестеге сәйкес) өткізу.
3.7. Шеберлік сыныптарын, теориялық және практикалық семинарларды ұйымдастыру ата-аналарға (заңды өкілдерге) баланың физиологиялық және психологиялық даму ерекшеліктері, тәрбиелік ықпалдың негізгі бағыттары, дағдарыстық жағдайларды еңсеру бойынша педагогикалық кеңес беру мақсатында жүргізіледі.
3.8. Әдістемелік, консультациялық көмек алу үшін ата-аналар мектепке дейінгі ұйымдарға жеке немесе телефон арқылы жүгінеді.
3.09.Көрсетілген тақырыпқа сүйене отырып, әкімшілік кеңес беру үшін қажетті ақпаратты толық меңгерген маманды жұмысқа тартады.
3.11. КП қызметі шеңберінде консультациялық көмек ата-аналардың (заңды өкілдердің) осы қызметке қажеттілігінің болмауына байланысты тоқтатылады.
4. Консультациялық пункт қызметін бақылау
4.1. КП жұмысына тікелей бақылауды мектепке дейінгі ұйымның басшысы жүзеге асырады.
4.2. КП қызметі туралы есеп балабақшаның педагогикалық кеңесінің қорытынды отырысында тыңдалады.