Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына қойылатын талаптар » КГКП Ясли сад № 147
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№147 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші:
+7(727) 380-12-33
Әдіскер:
+7(727) 380-12-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына қойылатын талаптар
31
август
2021

Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына қойылатын талаптар

Қазақстан Республикасының 

Бас мемлекеттік 

санитариялық дәрігерінің 

2021 жылғы «25» тамыздағы 

№  36 қаулысына 

3-қосымша 



Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде мектепке дейінгі 

білім беру ұйымдарына қойылатын талаптар


  1. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында:

1) жауапты қызметкерлер барлық персонал мен тәрбиеленушілерге күнделікті «кіру» сүзгісін жүргізеді (байланыссыз термометрмен термометрия, ғимаратқа кіре берісте қолды антисептикпен өңдеу); 

2) объектіде жүріп-тұрудың «бір жақты қозғалыс» қағидасы бойынша арнайы нұсқағыштармен, оның ішінде сатылар бойынша көтерілетін жер таңбаланады;

3) кезекте қашықтықты қамтамасыз ету үшін кіре беріс алдында асфальтқа таңба салынады;

4) үй-жайларда, сондай-ақ объектінің ғимаратында да қашықтықты сақтау үшін сигналдық белгілер салынады.

  1. Объектіні ашу алдында дезинфекциялау құралдарын  қолдана отырып, күрделі жинау (оның ішінде жиһаздың, қабырғалардың және басқа да заттардың беттерін дезинфекциялау құралдарымен жинау және өңдеу) жүргізіледі.

3. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мынадай эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіледі:

  1. персоналға арналған санитариялық тораптарда педагогтердің, персоналдың қолын өңдеуге арналған тері антисептигі бар санитайзерлер, лас маскаларды жинауға арналған таңбаланған сыйымдылықтар (урналар) орнатылады;
  2. топтық санитариялық тораптарда тәрбиеленушілер үшін дозаторларда сабынның болуы, қол жуу қағидалары бар плакаттардың болуы қамтамасыз етіледі;
  3. жинау жиілігі артады (тұтқаларды, таяныштарды, басқа жанасатын беттердің тұтқаларын қосымша өңдеу);
  4. топтарда тәрбиеленушілердің қолдарын уақтылы жууды бақылау жүзеге асырылады;
  5. күн сайын температураны өлшеу, дене температурасы жоғары және (немесе) респираторлық инфекция белгілері (жөтел, мұрынның бітелуі, Цельсий бойынша 37 градустан жоғары температура) бар адамдарды анықтау үшін, қажетті медициналық жабдықтар және дәрі-дәрмектер бар (термометрлер, қалақшалар, маскалар) медициналық кабинеттер мен изоляторлар жұмыс істейді;
  6. айына 1 реттен сиретпей педагогтер мен персонал арасында жеке (өндірістік) гигиена қағидаларын сақтау қажеттілігі туралы нұсқама және олардың мүлтіксіз орындалуын бақылау (нұсқама өткізу күнін журналда белгілей отырып) жүргізіледі;
  7. санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына жауапты адамдар тағайындалады (температураны байланыссыз термометрмен өлшеу, педагогтер мен персоналға санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтау туралы нұсқама беру, нұсқама өткізу журналын жүргізу);
  8. жеке қорғаныш құралдарын кию және уақтылы ауыстыру (маска, қолғап), дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын бақылау, дозаторларды уақтылы толтыру, үй-жайларды, жабдықтар мен мүкәмаллды жинау және өңдеу бойынша персоналған нұсқама жүргізіледі; 
  9. ауаны зарарсыздандыратын жабдықты (рециркуляторлар) пайдалана отырып, ауаны тұрақты зарарсыздандыру және (немесе) оқу, өзге де ұйымдастырушылық процестер кестесіне және жыл уақытын ескере отырып, жұмыс режиміне сәйкес үй-жайларды желдету;
  10. профилактикалық тексеру, жөндеу, оның ішінде сүзгілерді ауыстыру, ауа өткізгіштерді дезинфекциялай отырып, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмысы қамтамасыз етіледі;
  11. педагогтер мен персоналдың маска режимін сақтауы.
  12. Балалардың ата-аналары (заңды өкілдері) балаларды мектепке дейінгі ұйым ғимаратының есігіне дейін ертіп барады, ғимаратқа кіруге жол берілмейді. 
  13. Балалардың объектіге баруы ата-ананың (заңды өкілдің) өтініш-келісімі негізінде ата-ананың (заңды өкілдің) жеке жауапкершілігімен жүзеге асырылады.
  14. Сабақтар мен демалыс режимі мынадай талаптарға сәйкес жүргізіледі:

1) серуендеу мен ойын сабақтарының уақыты барынша бөлуді және топтық оқшаулауды қамтамасыз ету ескеріле отырып белгіленеді;

2) үй-жайларды толтырудың жобалық қуаты сақталады;

3) залдарды тұрақты желдету қамтамасыз етіледі (жыл уақытын ескере отырып).

  1. Балалардың санын ескере отырып, штатта (немесе шарт бойынша) дәрігердің және (немесе) орта медицина қызметкерінің болуы қамтамасыз етіледі.
  2. Дене шынықтыру сабақтарын және басқа да топтық сабақтарды ойнауға арналған оқшауланған алаң болмаған жағдайда көшеде өткізуге (тұрғын үй кешендерінің құрамында орналастыруға) жол берілмейді.
  3. Білім алушылардың білім беру ұйымына және одан кері апаруды жүзеге асырған жағдайда жүргізушілер қолды өңдеуге арналған антисептикпен және міндетті түрде талап етілетін жиілікпен ауыстырылатын  қорғаныш құралдарымен (маска) жабдықталады, сондай-ақ әр рейс алдында автокөлік салонын кейіннен желдете отырып дезинфекция жүргізу қамтамасыз етіледі.  

10.       Көлік құралының салонында педагогтар, персонал және көлік құралының жүргізушісі маска режимін сақтайды. 

11.       Мектепке дейінгі тәрбиелеу ұйымдарында ауыз су режимін сақтау қамтамасыз етіледі. Ауыз су, оның ішінде ыдыстарға (графиндерге, шәйнектерге, шағын бактарға) құйылған немесе бөтелкедегі су қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес келеді. 

12.       Ішу үшін таза ыдыс пайдаланылады. Қайнатылған ауыз су үш сағаттан аспайтын уақыт сақталған жағдайда, оны пайдалануға жол беріледі.

Ауыз су режимін ұйымдастыру үшін объекті басшысының бұйрығымен жауапты адам тағайындалады, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің объектіде болған барлық уақыты ішінде ауыз суға еркін қол жеткізуі қамтамасыз етіледі.

13. Есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, таяныштарды, баспалдақ марштарын, жанасатын беттерді (жабдықтарды, мүкәммалды, үстелдерді, орындықтарды), ортақ пайдаланатын орындарды (спорт, акт залдары, киім ілетін орындар, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялай отырып, топтарды вирулицидті әсер ететін дезинфекциялық құралдармен күніне кемінде 2 рет ылғалды жинау. 

14. Үй-жайларды күрделі жинау аптасына 1 реттен сиретпей жүргізіледі.

15. Жинау мүкәммалы (шелектер, щеткалар, шүберектер) пайдаланылғаннан кейін арнайы бөлінген орындарда өңделуге және сақталуға тиіс.

16. Дезинфекциялау құралдары дайындаушының қамтамаларында, арнайы бөлінген құрғақ, салқын және қараңғы, балалардың қолы жетпейтін жерде тығыз жабылып сақталады. Дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу кезіндегі сақтық шаралары және кездейсоқ улану кезіндегі алғашқы көмек әрбір нақты дезинфекциялау құралын қолдану жөніндегі нұсқаулықта жазылған.


Согласовано

25.08.2021 20:11 Рахимжанова Марал Тлеулесовна

25.08.2021 20:13 Есмагамбетова Айжан Серикбаевна

25.08.2021 20:14 Тилесова Айгуль Шарапатовна

Подписано

25.08.2021 20:23 Киясов Ерлан Ансаганович

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив