Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясы тарапынан ұйымдастырылған «Заманауи мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту: үрдістер, мәселелері, келешегі» атты мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесі педагогтерінің сьезі » КГКП Ясли сад № 147
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№147 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші:
+7(727) 380-12-33
Әдіскер:
+7(727) 380-12-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясы тарапынан ұйымдастырылған «Заманауи мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту: үрдістер, мәселелері, келешегі» атты мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесі педагогтерінің сьезі
02
март
2022

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясы тарапынан ұйымдастырылған «Заманауи мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту: үрдістер, мәселелері, келешегі» атты мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесі педагогтерінің сьезі

«Заманауи мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту: үрдістер, мәселелері, келешегі» атты мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесі педагогтерінің сьезі Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті базасында ұйымдастырылды.
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясы тарапынан ұйымдастырылған шараға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетов және республикамыздағы мектепке дейінгі білім саласының 300-ден аса үздік педагогтары қатысты. Солардың бірі болып балабақша тәрбиешісі СЕМБАЕВА ЖАНАР ЖАНУЗАКОВНА қатысқан болатын.
Осы шара аясында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы инновациялық технологиялар» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Көрмеге мектепке дейінгі ұйымдардың қызметіне қажетті қазақстандық жаңа өнімдер ұсынылған.
Сьез бағдарламасына сәйкес топтарға бөлінген секциялық дөңгелек үстелде мектепке дейінгі ұйымдарда педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың заманауи тәсілдері және оның мазмұны жан-жақты талқыланды.
Пленарлық отырыста Қазақстан Республикасы Білім және ғылыми министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетов педагогтер сьезін ұйымдастыру маңыздылығы туралы алғы сөзін арнады. Еліміздің әр өңірінен келген педагогтер мектепке дейінгі білім саласына қатысты өз ұсыныстары мен көкейтесті сұрақтарын ортаға салып, ашық микрофонда сөз алды. Ашық микрофондағы педагогтер үніне министр толық жауап беріп отырды.
Кадр дайындау, білім беру бағдарламаларының мазмұны, педагогтердің біліктілігін арттыру, жоғары оқу орындары түлектерін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасы бойынша сертификаттау және тағы басқа мәселелер талқыланды.
Осы сьезде көтерілген мәселелер мектепке дейінгі ұйымдарда талқыланып, түйінді шешімдер қабылданады деп ойлаймыз.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив