1 қыркүйек – Білім күні
Балабақша алаңы мерекеге сай әсем безендірілген. Алаң алды жүздері бал бұл жайнаған қыздар мен ұлдар, тәрбиеші апайлары мен қонақтарға толы.
Мақсаты:
- 1 қыркүйек – Білім күні мерекесінің маңызын түсіндіру, сезіндіру;
- Бүлдіршіндерге Білім күні мерекесінің мән-мағынасын ұғындыру;
- Сахналық мәдениетін қалыптастыру; Мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Жүргізуші: Бүкіл елде басталып шаттық жыры,
Білім орда шақырар ұғымдыны.
Білім - ғылым бастауы, мерекелі
Құтты болсын бүгінгі Білім күні!
Жүр: Қымбатты балалар! Қадірлі қонақтар! Бүгін бізде ерекше күн. Ол-білім күні. Ал білімнің бастауы ол-балабақша. Бүгін жаңа оқу жылы басталып, барлық мектептерде алғашқы қоңырау соғылып, өздеріңдей бүлдіршіндер алғаш мектепке барды. Олай болса, салтанатты мерекемізді ҚР Гимнымен ашамыз.
Жүр: Биіктерге бастайтын асқаралы
Әр жүректің сүйікті, асқақ әні
Мерекеде бәріміз жан ұраным
Шырқайық Қазақстан Әнұранын!
ҚР Әнұраны
1. Жүргізуші: Бүгінгі білім күні мерекесімен құттықтау сөзді балабақшамыздың меңгерушісі: Бейсебекова Гулайм Жумабайқызына сөз кезегі беріледі.
Жаңа білім күніңмен!
Білім күні – мереке,
Ән салсамда әдемі.
Туған тілім – береке,
Сөз арнасам кәделі!
Хор: «Ертөстік»
1 бала Баян
Кел балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық,
Оқысаңыз балалар
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенін алдынан
Іздемей –ақ табылар.
2 бала: Арайлым
Шырылдаған тыным алмай,
Қоңыраудын үні қандай,
Мақсатына жетеме адам,
Оқу оқып білім алмай.
3 бала: Медина
Қиындықтан өтуге,
Армандарға жетуге,
Білім алам ерінбей
Еліме қызмет етуге.
4 бала: Ханшайым
Білім менің ертеңім
Өсу үшін өркенім
Жүзем оқу айдынында
Жайып білім желкенін.
2. Жүргізуші:
Жаңа киім үстімде,
Мақтанғымда келеді.
Білім тойы үстінде,
Шаттанғымда келеді! Дегендей бүгінгі мектеп алды даярлық тобына келетін балалардың жүздері бал - бұл жайнап тұр.
“Балдырған» тобының әнін қарсы алыңыздар!
1. Жүргізуші:
Ұстаздар – ұлттың тірегі,
Ұстаздар – білім жүрегі,
Ұрпаққа жеттер ұстазбен,
Халықтың ұлы тілегі.
Ғажайып сәт:
2. Жүргізуші: Жалқаубек келеді! Жалқаубектің музыкасы
ЖАЛҚАУБЕК: Ой, балалар, мында не болып жатыр? Кеттік, балалар, ойнауға, менімен ойнағыларың келіп тұр-ау деймін.
ТӘРБИЕШІ: Жалқаубек мұның не? Мерекелік киіміңді киіп келмейсін бе?!
Бүгін бізде мереке,1-Қыркүйек - білім күні, барлық мектептерде, балабақшаларда осы мерекені тойлап жатыр.
ЖАЛҚАУБЕК: Әй балалар мектеп дей ме? Мектепте біздің апаларымыз, ағаларымыз окиды. Біз басымызды ауыртып қайтеміз, оданда жүріңдер ойнайық.
ТӘРБИЕШІ: Жалқаубек сіз бізбен бірге болып, бүгінгі мерекені тамашаланыз. Біздің балалар өнерлі, алғыр. Ал сіздің қандай өнеріңіз бар?
ЖАЛҚАУБЕК: Мен жалқау болсамда өнерлімін! Мен би билей аламын.
ТӘРБИЕШІ: Біздің өнерлі балаларымыз сізбен бірге билегісі келеді екен. Қәнекей Жалқаубекпен балаларымыздың өнерін тамашалайық!
Би: «Мұғалім, оқушы,қоңырау» - «Аққу», «Балдырған», «Ұлан» - «Учать в школе»
1-Жүргізуші: Білім- менің ертеңім
Өсу үшін өркенім
Жүзем оқу-айдында
Жайып білім желкенін.
«Еркемай» - «Шөжелер биі»
Жүр: Ал балалар, мен енді сендерге сұрақтар қояйын, ал сендер «иә» немесе «жоқ» деп жауап беріңдер.
Жазда су құйдық па гүлге?
Қыздырындық па күнге?
Биледік пе батпақта?
Жаттадық па тақпақты?
Ауылға бардық па атаға?
Тілін алмай, сөз қайтардық па апаға?
Бассейнге суға түстік пе?
Жаман суды іштік пе?
Гүл тердік пе даладан?
Қашып кеттік пе қаладан?
Жүгірем деп құладық па?
Бақшаға бармаймын деп жыладық па?
Жарайсыңдар балалар! Әрдайым әдепті, үлгілі болыңдар.
(Көңілді музыкамен Күлдіргіштер бір - бірімен сумен атылатын пистолетпен атысып (немесе майда түрлі - түсті доптармен) ойнап келеді)
1 - Күлдіргіш: О! Мұнда балалар көп екен! Жақсы болды!
2 - Күлдіргіш: Келіңдер балалар, қызы - ы - ық ойын ойнайық!
2 - Күлдіргіш: Неге сонша сықиып киініп алғансыңдар?
1 – Күлдіргіш:Бүгін – білім күні ғой! Үлкен мереке! Біз енді ойынды азайтамыз, көбірек оқитын боламыз.
2 - Күлдіргіш: Солай деңдер?! Ал көп оқып миды ашытып керегі не?
Күлдіргіш тапсырма: Ендеше, мұқият тыңдаңдар!
- Үйін жинап ертемен,
Мейіз тауып алыпты.
Мысығы келмеген соң,
Ол өкпелеп қалыпты
Бұл қай ертегі (Мақта қыз бен мысық)
- Атай өзі салғанын
Көрді өсіп қалғанын.
Ары-бері тартқылып
Оны жұла алмады
Көмекке кемпір, мысық, ит.
Келмесіне болмады (Шалқан)
3. Апасынан қашып кетті,
Атасынан қашып кетті,
Кездестіріп біраз аңды,
Біраз жолдан асып кетті (Бауырсақ)
Кедей еді бұл бала,
Айы туды оңынан,
Жын шығады керемет,
Сиқырлы оның шамынан. (Алладин)
Әжеме барып келейін деп
Дәмді бәліш берейін деп
Орманға жалғыз барады
Алдынан қасқыр шығады (Қызыл телпек)
Үйге іздеп келіпті
Анасы жоғын көріпті
Есік аш лақтарға
Ән де айтып беріпті (Жеті лақ)
Сиқыршы ол қызды жақсы көрді
Хрустальді туфли оған берді
Ханшайым боп зәулім сарайға енеді
Он екіден соң өз қалпына келеді (Золушка)
1 - Күлдіргіш: Керемет! Онда біз басқа да Күлдіргіш достарымызды
шақырып сендерге мереке құрметіне би билеп берейік, шашуымыз болсын!
Би «Түлек биі» - «Тұлпар» тобы
(Әсем әуен ойналып «Бақыт құсы» ұшып келеді)
Бақыт құсы: Сәлем, баршаңызға! Мен - Бақыт құсымын. Қариясы сыйлы,
балалары бақытты Қазақстан дейтін байтақ елді мекен етемін.
Мәңгілік ел халқының қос мерекеге арнаған лебіздерін мына
сиқырлы шарға жинап жүрмін. Лебіздерге толған сиқырлы
шар еліміздің көгінде барша Қазақстандықтарға нұрлы шуағын
шашып тұратын болады.
Жүрг: Неліктен қос мереке дедіңіз? Бүгін білім күнінен басқа тағы
қандай мереке?
Бақыт құсы: 30 тамыз – Ата Заң күнін кеше ғана бүкіл ел тойлады. Ата Заң -
елдегі бақыт пен бірліктің, бостандық пен теңдіктің кепілі.
Бұл мереке туралы бұрын сендер естімедіңдер ме?
Жүрг: Естігенде қандай! Ата Заң күні мерекесіне де біз арнайы
тақпақтар жаттадық, тыңдап көріңіз.
1 - бала:Айкөркем
Ата заңым - тірегім
Арман, үміт, тілегім
Өрлеп, өскен бүгінгі -
Өз Отаным, ұлы елім!
2 - бала: Жанель
Ата заңым - бірлігім
Берекелі іс, тірлігім
Елдің ырыс, бақыты
Бейбітшілік, нұрлы күн!
3 - бала: Раяна
Ата заңым – қуатым
Сенім, мақсат, мұратым
Мақтанышым, көк туым
Көкте шалқып тұратын!
Қазақстан - ұлы елім
Әнге қосам өр атын!
Жеке ән «Мақтаным - Қазақстаным» муз: А. Еспенбетова
Бақыт құсы: Өте тамаша! Мен риза болып тұрмын. Кеткім келмейді, бірақ
бүкіл Қазақстанды аралап шығу үшін асығуым керек.
Мына сиқырлы шарға мерекелік лебіздеріңді айтып жіберіңдерші:
Балалар хормен айқайлап айтады: - Қос мереке құтты болсын!
- Еліміз өркендей берсін!
- Білімділер көп болсын!
- Бейбітшілік күні жарқырай берсін!
- Тәуелсіздігіміз баянды болсын!
- Мәңгілік ел болайық! т. б.
Бақыт құсы: Көп рахмет, сендерге, балалар! Мереке мерекеге ұласа берсін!
Сау болыңдар!
Жүргізуші: Сырлары көп ғылымның
Шешілмеген әлі де
Тереңдігі білімнің
Керек екен бәріне! –дей келе бүгінгі мерекелік іс-шарамызды аяқтаймыз.