Балабақшадағы балалардың қандай ойыншықтармен ойнағаны тиімді?
Балабақшадағы балалардың қандай ойыншықтармен ойнағаны тиімді?
Балаларға қандай ойыншықтар керек?
Сәбидің дүниетанымының бай дамуына ойыншық әсер етеді. Ойыншықтар арқылы бала өз сезімін білдіріп, қоршаған ортаны зерттейді. Ойыншық таңдау баланың ең маңызды ісі болып есептеледі.Тек баланың өз еркіне, таңдауына байланысты, көп ойынышықтың арасынан өзіне тән ойыншық табылады.
Әр баланың ойыншығы болуы тиіс. Ойыншық арқылы бала жалғыздықтан арылады. Ата- аналары бір жаққа кеткенде жалғыз қалған бала қараңғыдан қорықпау үшін ойыншығын құшағына алып, қорқыныш сезімін сейілтеді. Әр баланың сырласатын, ұрсатын, жаза қолданатын, аяп, аймалайтын ойыншығы болуы керек. Ондай ойыншық ата-ана бір жерге кеткенде, жарық сөніп ұйықтау кезіндегі қараңғыдан қорқу сияқты жалғыздық қорқынышын ойыншық – досы жеңуге көмектеседі. Кейде ол ойыншықтарға ызаланады, жазалайды, сындырып көрінбейтін бұрыштарға тығып тастайды, бірақ ренжіген кездерінде естеріне алып, жөндейді, өшіріліп қалған көзін, ернен қайтадан жаңартады, жаңа киімдер, құлағын, құйрығын тігеді.
Баланың ойыншығына қарап, оның не ойлап, не сезініп жүргенін анықтауға болады.
Шынайы өмірден алынған ойыншықтар:
Қуыршақтар отбасы (жануарлардың отбасы) қуыршақтың үйі, жиһаз, ыдыс, көлік, қайық, таразы, дәрігер мен шаштараздың құралдары, сағат, темір жол, телефон т.б.
Ашуын сыртқа шығаруға көмектесетін ойыншықтар:
Сарбаздар, мылтық, доп, жастық т.б.
Сонымен қатар шығармашылық қиялы мен өзін ашуға көмектесетін ойыншықтар бар.Олар конструктор, әліпби, үстел ойындарды, қиылған суреттер, бояу, мозаика, жіп, мата кескендері, желім т.б.
Ойыншықты таңдайтын кезде міндетті түрде баланың көзқарасын есепке алу керек. Автомат немесе жартылай автомат ойыншықтар жарамайды. Балаға қандай ойыншықтар тиәмді десек, олардың жан дүниесін аша алуы тиіс болу керек.
1-2 жастағыбалаларға арналған ойыншықтар. Олар пластмассалық пирамидалар. Осы ойыншық арқылы балалар ойлау қабілетің дамытады.
3-4 жастағыбалалардың ойыншықтарды әр- түрлі болып келеді. Олар конструкторды жинайды. Бұл жастығы балалар шын өмірден алынған сюжеттерді ойнайды. Мысалы: әке –ана, қыз–ана т.б.
5-6 жастағыойын орындарынан төсек орындары мен шкафтарға аусады. Бұл жастағы балаларды ойлау, қиялдау қабілеті жақсы дамиды. Өз қолдарымен жасаған ойыншықтарды сүйеді. Бала өзін мектепке дайындайды.
Есте сақтыңыз, ойыншықты ауыстыру қажет, себебі бір ойыншықтан бала жалығуы мүмкін. Ескі ойыншықты алып тастап, уақыт өткеннен кейін қайта шығарылса, баланың қызығушылы қайта оянады.
Кішкентай ұлдар мен қыздар жандарына жақын Барби, қонжық, мысық, қоянды өздеріне дос ретінде қабылдайды, өйткені олар адамдарға жақын және түсінікті.
Дегенмен, баланың таным, ойлау қабілеті, өрісі дамуы үшін, үлкендерге еліктеу, ертегі оқиғаларын қайталау үшін өзіндік ойыншықтар жиынтығы болуы керек
Баланың бай эмоционалды әлемі ойыншықтарсыз дамуы мүмкін емес. Олар баланың өз сезімін білдіруге, қоршаған ортаны зерттеуге, өзін тануға және қатынас жасауға мүмкіндік береді.
Ойыншық — баланың серігі. Бүлдіршіндер ішкі сырларын ойыншығымен бөлісіп, сырласады. Бірақ сауда айналымындағы ойыншықтардың саны көп болғанымен, сапасы мардымсыз. Қазір базардан балаларға қажетті ойыншықтың түр-түрін табуға болады. Аң бейнесі үлгісінде түрлі-түсті матадан тігілген жұмсақ қуыршақтар, асүйлік бұйымдар, үлкен машиналар, «Барбилер» бөбектерді ғана емес, үлкендерді де еріксіз қызықтырады. Алдымен ойыншыққа ойыншық деп емес, оны бала тәрбиесіне көрсететін құрат ретінде қарау керек.
Бірақ көп ойыншықтың қатарында балалардың ойлау қабілетін жетілдіретін, ұлттық нақыштағы ерекшелігімізді, салт-дәстүрімізді насихаттайтын отандық ойыншықтар жоқ. Кейбір ойыншықтардан жағымсыз иіс бөлініп, бала денсаулығына кері әсер етеді. Әрісін айтпағанда, қыруар қаржыға келген бұйым әп-сәтте сынып, жарамсыз боп қалады.
Бүлдіршін ойыншығы талғамға сай, сапалы болғаны жөн. Ойыншықты сатып аларда түсіне ғана емес, сапасына, педагогикалық-психологиялық, биологиялық, медициналық қасиеттеріне, санитарлық-гигиеналық, техникалық, механикалық қауіпсіздігіне де назар аудару керек.
Ойыншықтың материалы неғұрлым қарапайым, солқылдақ болғаны жөн. Мұндай үлгідегі ойыншықтар баланы ешқашан жалықтырмайды. Мәселен, доп, кубик, қуыршақ тәрізді ойыншықтар үнемі бүлдіршіннің қолынан түспейді. Егер ойыншықтың материалы ажарлы болса, ол соғұрлым бала мінезінің жақсы қалыптасуына, жаттығуына дағдыландырады. Және бір ескеретін жайт, кейде балалар жаңа сатып әперген ойыншықты сындырып, ішкі құрылысымен танысқанды жақсы көреді. Бұл ойыншық балаға ұнағанының белгісі. Оны бірден бөліктерге бөліп, ішкі құрылысына үңіледі. Осылайша ол өз ойымен түзетуді, қайта құрастыруды үйренеді. Сәбидің жас ерекшеліктеріне қарай ойыншықтар да түрге бөлінеді. Сондықтан ойыншық сатып аларда бала талғамына, жасына қараған абзал.
Ойыншық таңдарда оның қауіпсіздік ерекшелігін қарау керек. Мәселен, 2-3 жасар бала машина мен қару-жарақты қалай қолдану керектігін білмейді. Әрі механикалық қауіпсіздігі жағынан бұл ойыншықтар баланың денесін жаралап, мінез-құлқына, сана-сезіміне әсер етуі ықтимал. Сондай-ақ ойыншық белгілі мөлшерден артық дыбыс берсе, сәбидің жүйкесі бұзылады. Сондықтан әрбір ата-ана ойыншықты сатып алмас бұрын «бұл ойыншықпен қалай ойнайды?» деген сауалға жауап іздеген жөн.
Бояуы тым қанық, алыстан «менмұндалап» тұрған ойыншықтардан сақтанған жөн. Себебі бояудың құрамында фенол, формальдегид, қорғасын элементтері бар. Бұл заттар адамның жүйке жүйесіне, көз бен тыныс алу мүшелеріне кері әсер етеді. Бала кез келген нәрсені алдымен аузына салады, сондықтан ойыншық сатып аларда аса ұқыптылықпен қараған абзал.
Ұлттық өнімдер көбейсе...
Балалар ертегілерді жақсы тыңдайды. Егер қазақ ертегілерінің желісімен ойыншықтар жасалса, бұл таптырмайтын сыйлық болар еді. Бүлдіршіндер үшін батырлар асынған қару-жарақ, мінген арғымақ пен киген дулыға-сауыттары қызықты. Тіпті, ен далада жайылған төрт түлік мал мен жануарлардың өзі сәбилердің бір-бір ойыншығы…
Бүгінде әрбір қазақ баласының қолынан көк көзді, жалбыр сары шашты қуыршақ пен шетелдік жаңа үлгідегі машина, соғысуға бейім пистолет, «Терминатор» тәрізді ойыншықтар көбейіп кеткен. Отандық ойыншықтар болмағандықтан, ата-аналар тез сынатын қытай ойыншықтарына мұқтаж. Ал егер сол қуыршақтар таза жүннен не мақтадан, машиналар ағаштан не темірден жасалған болса, бала кішкентайынан қоршаған орта туралы дұрыс мәлімет алар еді.
Қазіргі түрлі-түсті маталардан тігілген қуыршақтар, «Барбилер» көзге сүйкімді көрінгенімен, көңілге қонымсыз. Олар тез жыртылып, сынып қалады. Ал кәдімгі жүн, мақта, маталардан тігілген қуыршақтар, әдемі ойыншықтар балалар үшін тиімді. Әрі ата-аналардың көңіліне қорқыныш ұялатпайды.
Ойыншықтың түріне емес, сапасына үңілу керек!
Қазіргі біздің қолданып жүрген ойыншықтарымыздың түрі әдемі болғанмен, сапасы көңілді қанағаттандырмайды.
Өткір иісті, құрамында хлорсутек пен формальдегиді шамадан тыс көп ойыншықтармен ойнаған балалардың ағзасында аталған заттар аз мөлшерде ұзақ уақыт бойы жиналып, бала денсаулығына кері әсерін тигізеді, яғни, тыныс алу органдарын және теріні тітіркендіріп, түрлі аллергиялық ауруларға әкеліп соқтыруы мүмкін.
Қазіргі таңда ойыншықтарды жасауда тек қана табиғи заттар ғана емес, сонымен бірге, алдын-ала гигиеналық сараптамасыз полимерлі (синтетикалық, қосымша шикізат) заттар пайдаланылады. Мұның өзі оның құрамындағы химиялық заттардың аз мөлшерде әсер етуінің өзі ондағы уыттылық әсері екі еселеніп, бала денсаулығына қауіп тудыруы мүмкін. Сол себепті ойыншықты алған кезде оның сыртқы әдемілігіне ғана қарамай, оның химиялық және уыттылық әсеріне де назар аударған жөн. Алдымен, ойыншыққа назар салып, дұрыстап қарап, оның сапасы жөнінде толық мәлімет алу керек.
Егер ата-ана өз баласының денсаулығына аса мән беретін болса, ойыншықтарды таңдаған кезде тек әдемілігіне ғана қызықпай, ойыншықтардың қазақ немесе орыс тілінде жазылған белгісіне – қай елде жасалғандығы туралы, қай жастағы балаларға арналған, қолдану тәсілі мен жарамдылық мерзімі туралы түсініктемесіне де мән бергені абзал.
Шығармашылық қиялды және өзін танытуды дамыту ойыншықтары.
Текше, матрешка, пирамида, конструкторлар, әліпбилер, үстел ойындары, кеспе суреттер мен открыткалар, бояулар, пластилиндер, мозайка, қол еңбегі жинағы, жіптер, мата қиындылары, желім, аппликация қағаздары және т.б.
Ойыншық сатып аларда мына тәртіпті қолданған жөн: ойыншықтарды жинау емес, таңдау керек. Үнемі сапасыз ойыншықпен ойнаған баланың ағзасына үлкен зиян келеді. Мұндай сапасыз дүниелер баланың өсуін де тежейді.
Сәбидің серігіне айналған ойыншықтар балалардың сана сезімінің өсуіне әсер етеді. Ойыншықтар ұлттық тәрбие беретін құралдардың бірі. Бүгінде шетелдік мультфильмдер мен фильмдердің кейіпкерлерін бейнелейтін қуыршақтар саны өте көп. Олардың барлығы енді ғана қалыптасып келе жатқан баланың санасын улайды. Мұндай ойыншықтардың орнына өзіміздің аңыз-әңгімелеріміз бен ертегілеріміздің кейіпкерлері ержүрек батырларымыз бен ақылды аруларымызды бейнелейтін отандық ойыншықтарды ұсынсақ жақсы болар еді.
Ата-ана ойыншықты бала санасының дұрыс қалыптасуы үшін ғана сатып алмауы керек. Бала денсаулығы — басты нәрсе. Қытайдан келетін балалар өнімдерінің зияны бүгін келмесе де, ертең денсаулығынан кінәрат табылатыны анық. Ойыншықтар баланы жан-жақты тәрбиелеу құралы десек, артық айтқандық емес. Баланың дүниетанымын ғана емес, қимылын да дамытады. Қолдарымен, саусақтарымен жұмыс істегенде миы да дамиды.
Сәбидің дүниетанымының бай дамуына ойыншық әсер етеді. Ойыншықтар арқылы бала өз сезімін білдіріп, қоршаған ортаны зерттейді. Ойыншық тақдау баланың ең маңызды ісі болып есептеледі.Тек баланың өз еркіне, таңдауына байланысты, көп ойынышықтың арасынан өзіне тән ойыншық табылады.
Әр баланың ойыншығы болуы тиіс. Бала ойыншығын ұрсып, жұбатады.
Ойыншық арқылы бала жалғыздықтан арылады.Ата- аналары бір жаққа кеппсенде жалғыз қалған бала қараңғыдап қорықпау үшін ойыншығын құшағына алып, қорқыныш сезімін сеилтедді.Жатырда жарық сөнгеде де дос ойыншығы баланың қүшағынан табылады.Кейде бала ашуып ойыншығынан алып, қолын жұлып, бұрышқа қойын қаеды. Ашуы басалғаннан кейін ойыншыған қалына алып, жұлып тастаған қалың орнына тігіп қояды. Баланың ойыншығына қарап, оның не ойлап, не сезініп жүргенін аныңтауға болады.
Қорытынды
«Халық даналағында «ойнай білмеген ойлай да білмейді» дейді. «Ойында озған, өмірде озады» деген сөз бар. Осы сөздердің сырына жүгінсек, біз 5-6 жастағы балақайлардың біз ойын арқылы сөйлеу тілін, олардың достарымен қарым қатынас жасауына және де мінез-құлықтарының дұрыс қалыптасуына үлкен көмек көрсетеміз.
«Қазақта бала ойын арқылы өседі» деген дана сөз бар. Ал ойын не арқылы жүзеге асырылады? Әрине алдымен ойыншық екені сөзсіз. Ойыншықтардың қазіргі уақытта түрлі – түрлісін сатып алуға болады. Бірақ та бұл ойыншықты қалай дұрыс таңдау керек? Оның балаға қандай әсері болу керек деген кезде ата-аналараға үлкен кеңестер қажет болып жатады. Ойыншықтардың жасалуына, безендірілуіне, бояуына да назар аударған жөн.