22
июль
2024
Ертегілер елінде
Ертегі терапияның балаға пайдасы:
- баланың сөйлеуін дамытады, сөздік қорын байытады, дұрыс диалог құруға көмектеседі, байланысты логикалық сөйлеуі, сұрақтар қоя білу шеберлігі дамиды;
- баланың эмоцияларын дамытады, бала ертегі кейіпкерлерін елестете отырып, кейіпкерлердің ішкі дүниесін ұғынуды, оларға жанашырлық танытуды үйренеді;
- мінез-құлық пен қарым-қатынастың негіздерін жасайды, бала жақсылықтың күшіне сенуге үйренеді;
- баланың қиялы, шығармашылық қабілеті артады;
- балаға жағымды эмоционалдық көңіл-күй сыйлайды;
- баланың мінез-құлқын түзетеді және жақсартады, қалыптасып келе жатқан тұлғаның жағымсыз жақтарын жеңуге көмек береді;
- баланың ертегі кітапқа деген сүйіспеншілігі оянып, әртістік қабілеті артады.