Семинар теориялық: «Балабақшадағы денсаулық сақтау технологиясын қолданудың жолдары»
Мектепке дейінгі мекемеде баланың денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған алауан түрлі формалары мен тәсілдері бар. Осындай кешенді іс-шаралар жалпы «Денсаулық сақтау технологиялары» деп аталады.
Баланы тәрбиелеу және оқыту этаптарындағы денсаулығын нығайту және сақтауды
қалыптастыруға бағытталған бар білім салаларымен өзара байланысты және өзара әрекеттеседі.Баланың денсаулығын сақтау және нығайту, дене жаттығуларын жасауға қызғушылықтарын арттыру, қимылдық іскерліктерін жақсартуда мектепке дейінгі
мекемеде денсаулық сақтау технологияларының түрлері: балабақшада оқу-тәрбие жұмыстарын заман талабына сай жүргізу, баланыңденсаулығын сақтау мен нығайту мәселелерін тиімді шешу медициналық және педагогикалық қызметкерлердің бірлескен нәтижелі еңбектеріне байланысты.
Осындай мәселені шешу барысында біздің анықтағанымыз, баланың денсаулығын
нығайтуда және аурудың алдын-алуда тек қана баланың қимыл белсенділіктерін
көтеру өте аз, сонымен қатар шынықтыру шараларын жүйелі өткізу керек.