Келді міне Жаңа жыл!
Ортаға Дана мен Әмина шығады. (музыкамен)
Дана: Әмина-біз қай жердеміз?
Әмина-Біз балабақшаға келген сияқтымыз.
Әмина: Ал балалар қайда?
Дана: Біз балаларды шақырайық.
Жүргізуші-Қыздар олай болса балаларды хормен шақырайық.
Хормен: Балалар келіңдер, Жаңа жыл басталады.
Балалар музыкамен кіреді, орындарына тұрады. Ән бастап кетеді.
«Шырша жыры»
Қәне,достар,тұрмайық
Қарсы алайық жыл басын
Қызықтан бос қалмайық
Шырша жыры самғасын
Қайырмасы:
Ал достарым келіңдер
Келді Аяз Атамыз
Биге билеп беріңдер
Шырша жырын айтамыз
Шырша жырын айтамыз.
2.Құтты болсын жаңа жыл
Шыршамыз тұр жараса
Жанында Аяз ата жүр
Қуанады балаша,
Аппақ қардай береке
Даламызда самғасын
Жаңа жылдай мереке
Таба берсін жалғасын.
Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймыз сіздерді
Бәрімізге мына жыл болсын арайлы! Дей келе бүгінгі бүлдіршіндеріміздің өнерлерін тамашалап,қошеметтеп отырыңыздар!
Жүргізуші: Балалар бізде қандай мереке?
Балалар: Жаңа жыл!
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар балалар. Ал сендер ертегіге сенесіңдерма?
Балалар: Ия
Жүргізуші: Ертегі көргілерің келема? Ендеше ертегіміз басталды.
Ортаға Феялар шығады, билерін билеп кетеді.
БИ ФЕЯ
ФЕЯЛАР (6) Айлин,Інжу,Әмина,Сезім,Самина,Дана,
Самина
Далада қар борайды
Ақ мамыққа орайды
Мұз болады қатады
Жып жылтыр боп жатады
Айлин-
Қыс көрікті-
Жауған аппақ қарымен,
Қыс көрікті-
Күміс қылау сәнімен.
Інжу-
Жапалақтап ала қар
Жауды күнде қайталап
Қырға шықты балалар
Шаңғыларын арқалап.
Әмина-
Аяз қысып,
Өрнек сызып
Терезені торлайды.
Бет домбығып
Балалар сырғанап ойнайды.
Сезім-
Ал балалар тұрмайық
Би билейік тұрмайық
Аяз ата қуансын
Дөңгеленіп зырлайық
Дана-
Тамаша,тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
Осы кезде ортаға Қоян шығады. Ортада айналып билейді
Қоян Аяулым: Балалар мені танисыңдарма?
Балалар: Ия сен Қоянсың.
Қоян: Дұрыс айтасыңдар мен ескі жыл қоянмын. Мына жерде не болып жатыр?
Балалар: Жаңа жыл мерекесі.
Қоян: Балалар мерекелеріңде біреу жетіспей тұрған сияқты ғой, сендер кімді күтіп отырсыңдар?
Балалар: Аяз ата мен Ақшақарды!
Қоян: Ендеше бәріміз орнымыздан тұрып, Аяз ата Ақшақарды шақырайық.
Балалар: Аяз ата Ақшақар деп екі рет айқайлайды.
Қоян: балалар неге сендердің шыршаларың жанбай тұр?
Мүмкін аяз ата жолды таппай келе жатқан шығар, қанекей шыршамызды жағайық.
Балалар: Хормен
Қуант бізді таңырқат
Шамдарыңды жарқырат!
(шарша жанады музыкамен)
Қол шапалақтаймыз!
Жүргізуші: ой балалар біздің шыршамыз жансада Аяз атамыз келмей жатыр?
Қоян: Уайымдамаңдар мен ертегіден қонақ шақырайын.
Осы кезде музыкамен Мұз ханшайымы келеді кішкентай ақшақарларымен.
Би «Ақшақарлар»
Балалар: Сәлеметсізбе Ақшақар.
Мұз Ханшайымы : Қайдағы Ақшақар мен Мұзханшайымымын, мен мұзбен суықты жақсы көремін, ойын сауықты жеп көремін. Мына жерде не тойланып жатыр?
Балалар: Жаңа жыл
Мұзханшайымы: Сендерде ешқендай Жаңа жыл болмайды, ертегілеріңде жоқ болып кетсін! Сендер аяз атаны күтіп отырсыңдарма?
Балалар: Ия
Мұзханшайымы: Біз Аяз атаны қардың астына тығып қатырып тастадық! Солайма Ақшақарлар.
Ақшақарлар: Ия Айша,Айерке,Айару,Бағым,Хадиша,Кәмила
Би «Ақшақарлар»Айша Айерке Айару Бағым Хадиша Камила
Айша-
Көңіліміз шат біздің
Қыс жалғасы-ау күздің
Жаңа жылды тойлаймыз
Жақсы тілек жолдаймыз
Айерке-
Тамаша,тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
Айару-
Ән саламыз би билеп
Жырдан шашу төгілді
Бүгін біздің жаңа жыл
Қандай қызық көңілді
Бағым-
Қыста қармен ойнаймыз
Қызыққа біз тоймаймыз
Таудан төмен сырғанап
Шаңғы шана тебеміз.
Хадиша-
Қыс қызықты балаға
Ойнаймыз көп далада
Қарды үйіп аулаға
Сырғанайды бар бала
Кәмила-
Оралдың өлкеме
Жаңа жыл армысың
Оранды ақ көрпеге
Асқар тау қарлы шың
Мұзханшайымы: Бәрібір таба алмайсыңдар, күтпейақ қойыңдар ха, ха, ха
Жүргізуші: Балалар енді не істейміз? Аяз атасыз жаңа жылды қалай өткіземіз?
Қоян: Уайымдамаңдар мен өзімнің кішкентай гномдарымды ортаға шақырайын.
Жүргізуші: Кішкентай Қоян сендер аяз атаны көрмедіңдерме?
Қоян: Жоқ көрмедік. Онда біз достарымызды көмекке шақырайық.
Музыкамен Гномдар шығады.
БИ
ГНОМ(8) Дарын,Мәди,Ибрахим,Саян,Батыр,Әмірхан,Заңғар,Қайрат.
Дарын-
Боран соғар оң жақтан
Боран соғар сол жақтан
Қар атысып ойнасақ
Су болады қолғаптар
Мәди-
Аппақ,аппақ қар аппақ
Айналаның бәрі аппақ
Қырау-қырау жол аппақ
Қар жамылған тал аппақ.
Ибрахим-
Аққала жасап әбігер
Ақ қарды ойып құшақтап
Қып-қызыл алма беттері
Қыс жақсы дейді түс аппақ.
Саян-
Қар жауғанда топ бала
Соқтық келіп аққала
Мұрны сәбіз үп-үшкір
Көзі көмір қап-қара.
Батыр-
Келді тағы жаңа жыл,
Қуантуға біздерді
Құтты болсын қуаныш
Құттықтаймыз сіздерді
Әмірхан-
Аппақ қылып өңірді
Қар жауды қар жауды
Көңілді балалар,
Қызығып секірді,секірді.
Заңғар-
Көрдіңбе Аяз атаны
Аппақ екен сақалы
Аппақ екен мұртыда
Аппақ екен шапаны
Қайрат
Сақалы аппақ күмістей
Тістері аппақ күріштей
Нұр жайнаған ажары
Сағындық Аяз Атаны
АЯЗ АТАЛАР (7) Айсұлтан,Әлимансұр,Алидар,Алияр,Аслан,Бауыржан,Нурислам
Айсұлтан
Жаңа жыл келді төріме
Жаңа жыл келді еліме
Шаттыққа бөлеп әр үйде
Жаңа жыл шықшы төріме.
Әлимансұр
Ішік,пима қолғап бар
Арада жоқ тоңғақтар
Баста қалың малақай
Біз тоңбаймыз алақай.
Алидар
Келді тағы жаңа жыл
Қуантумен біздерді
Құтты болсын жаңа жыл
Құттықтаймыз сіздерді.
Алияр-
Аппақ,аппақ,ақ мамық
Жердің бетін қар басты
Бұтағына тұрса қар
Иіледі шыршылар.
Аслан-
Бүгін біз көңілдіміз
Жаңа жылды қарсы алып
Мерекеге келгендерді
Құттықтаймыз ән салып
Бауыржан
Ауыл маңы қар аппақ
Қызықтар көп не түрлі
Ақ дәптерді парақтап
Қыс отырған секілді
Нурислам-
Қуаныштың бүгінгі
Басылмайды ыстығы
Жылдамырақ жүруді
Үйретеді қыс күні.
Ән « Аққала әні»
Аяз ата: Жарайсыңдар балалар, әндерің өте керемет екен. Меніңде кететін уақытым болып қалды.
(Осы кезде) Гномиктер Ақшақарды алып кіреді де шыршаны айналады.
Ақшақар:. Сәлеметсізбе Аяз ата және де баллалар, Қоян. Сіздерді көп іздеп қалдым, қуыршақтар болмаса таба алмас едім!
Жүргізуші: Ақшақар сенің келгенің қандай жақсы болды, олай болса ойын ойнайық.
Қоян: Енді не ісейміз сыйлықтарды қайдан табамыз?
Аяз ата: Қорықпаңдар қорықпаңдар сендерің силықтарыңды биылғы жаңа жыл Қоян алып келеді.
Ұлу жылы: Сәлеметсіңдерме балалар, қонақтар. Мен жаңа жылмын, жаңа нұрмын.
Аяз ата Ақшақар мінекей силықтарыңызды мен алып келдім.
Аяз ата: Жарайсың Ұлу рахмет саған, қош келдің биылғы жылға тек жақсылық, қуаныш молшылық алып кел.
Жүргізуші: Ал енді аяз ата, Ақшақар, Аққала, Қоян, және де қонақтар сіздерге көп көп рахмет. Біздің балаларымыздың өнерлерін тамашалағандарыңызға. Қош сау болыңыздар, осымен бүгінгі жаңа жылдық ертегіміз аяқталды