"Қыс қызығы"
Тақырыбы: «Көңілді қыс»
Мақсаты: Балалардың жылдамдық, шапшаңдық, қабілеттерін дамыту. Балалардың қыс мезгілін туралы өлен шумақтарын айтуы.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме балалар!
Аппақ көше бар дала,
Аппақ ой мен қыраттар.
Ақ шатырлы қар дала,
Ақ жамылып тұр бақтар.
Жасыл емес жайнаған,
Ақ мамық, қар айналам.
Сырғанақта ойнайсың,
Қызыққа енді тоймайсың,
Алақай –ау, алақай,
Қыс келіп тұр, балақай!
- Міне балалар, аппақ қыста келді. Бірақ қыстың өзі көрінбейді ғой. Кәне , орманға барып қысты іздеп келейік.
Қоян : Уау сәлем достар! Сендер қайдан адасып жүрсіңдер?
Жүргізуші: Сәлем. Біз қыс патшалығына қонаққа келе жатырмыз. Қоян бізге көмектесіп жол көрсетіп жеберші.
Қоян : Әрине бірақ мен сендерге алдымен жұмбақтар жасырам соны тапсаңдар ғана мен сендерге жол көрсете аламын .
Жүргізуші: әрине біздің балалар өте ақылды, тапқыр, қоя бер жұмбақтарыңды.
Қоян : қыста ғана болады, ұстасан қолың тоңады. (қар)
Тісі жоқ тістеп алады,
Қолы жоқ сурет салады (аяз)
Тікен, тікен тік пісте. Қысы жазы бір түсте(шырша)
Айналып жүріп шыршаны, барлық адам ән салды,
Барлығы да шаттанып, қай мезгілді қарсы алды? (қыс)
Қыста ғана болады, ұстасаң қолың тонады.(қар) – сендер өте тапқыр екенсіңдер, дұрыс жауаптарың. Ал ендеше менің артымнан еріңдер мен сендерге жол көрсетейін.
(Алдарынан аю шығады)
Аю: Бұл кімдер орманда шулап менің қысқы ұйқымды бұзған.
Жүргізуші: Ой, сәлеметсіз бе? Кешіріңізші біз сіздің ұйқыңызды бұзып жібердік пе?
Аю: Қайдан адасып жүрсіңдер? Күн суықта орманда не істеп жүрсіңдер? Қоян сен неге балалар жүрсің?
Қоян : Аю балалар қыс патшалығына бара жатыр екен. Жол көрсетіп жіберейік.
Аю: аааа солай ма? Онда менің сендерге қояр шартым бар. Мен сендердің өнерлі екендеріңе көз жеткізум керек.
Жүргізуші: Жақсы шартыңызды тыңдап тұрмыз.
Аю: Мені ақыры ұйқымнан оятқан екенсіңдер менімен бір көңілді би билеп беріңдер.
Бәрі аюдың қимылдарын қайталап көңілді би билейді.
Аю: Керемет өнерлі екенсіңдер. Онда менде қоянмен бірге сендерге жол көрсетіп берейін.
( Барлығы көңілді келе жатады алдарынан жалмауыз кемпір шығады)
Қасқыр : Орманның барлығын шулатып қайдан жүрген балалар мынау. Не менімен орманда бірге тұруға келдіңдер ма?
Жүргізуші : Сәлем жалмауыз кемпір. Біз саған келген жоқпыз. Біз қыс патшалығына бара жатырмыз.
Қасқыр : мммм Қыс патшалығы ма? Мен сендерді ол жаққа жібермеймін. Жолдырыңды сиқырлап тастаймын
Жүргізуші: Неге олай жасайсың? Біз саған өзіміздің силығымызды береміз.
Қасқыр: Силық! Мен силықты жақсы көремін. Мммм жарайды бірақ менің шарттарым бар сендерге қоятын.
Балалар: Жақсы орындаймыз.
Қасқыр :
-Мына менің сиқырлы жібімнің астынан бастарыңды көтермей шалқайып өтулерің керек.
- осы айналаға ертен жейн деп отырған алмаларымды шашып алдым соларды маған жинап, тауып беріңдер. 10 тал алма. Қай жерге домалап кеткенін білеймін.
( балалар жан жақтан алмаларын жинап тауып береді)
Қасқыр : ой рахмет. Ал мен сендерге ары қарай жол көрсетейін.
Міне қыс патшалығына келдік.
Қыс: ооо маған қандай мейірімді қонақтар келген?! Сәлеметсіздер ме?
Достарым! Қош келдіңдер менің сарайыма!
Жүргізуші : сәлеметсіз бе Қыс. Біз сіздің сарайыңызға көңілді жеттік. Бізге орман аңдары көмектесіп жол көрсетіп жіберді. Ал балалар қысқа арнап өзіміздің жаттаған тақпақтарымызды айтып берейік.
Балалардың тақпақтары:
- Жапалақтап ала қар,
Жауды күнде қайталап,
Қырға шықты балалар,
Шаңғыларын арқалап.
- Жұлдыз болып ағамыз,
Ақ мамықтың үстімен
Біз спортшы боламыз
Үлгі аламыз күштіден.
- Қуаныштың бүгінгі
Басылмайды қызығы
Жылдамырақ жүруді
Үйретеді қыс күні!
Қыс: Енді менімен бірге ойындар ойнайсындар ма?
Жүргізуші: Әрине
1-ші ойын: «Шанамен жарысу»
Ойын шарты : Балалар ойыншық салынған шананы жүгіріп кезекпен жарысады.
2-ші ойын: «Әділ қол, өткір көз»
Ойын шарты:Мына қарлармен мәреде тұрған фигураларды құлату керек.
3-ші ойын: Қар жинау ойыны
Ойын шарты: Балалар шелекке қар жинау ойыны.
4-ші ойын: Аққала жасау
Жүргізуші : Рахмет саған Қыс! Біз өте ризамыз! Бүгін біз жақсы көңіл көтердік. Балалармен бірге көңілді ойындар ойнағаның керемет болды.
Сендерге де қоян, аю, жалмауыз кемпір біз сендердің жақсылықтарыңды ұмытпаймыз. Ал енді балалар біз жолға шығып өз балабақшамызға оралайық. Сау болыңыздар.