06
сентябрь
2019
Жалпы ата - аналар жиналысы
Балабақша мен отбасындағы тәрбиеде бірінші орында баланың жан-жақты дамуы, денсаулығы, тәрбиесі, жетістігі тұрады. Тәрбиеші баланы балабақшаға қабылдағанда әрдайым жылылық бере білуі керек. Баланың қандай көңіл күймен келгенін білу, оны алып қайтуға келген ата-анасына жетістігін айтып, қуанышты сәттерін баяндап отыру қажет. Отбасында және балабақшада кішкене сәби айнала қоршаған дүние жөніндегі бастапқы ұғымдарды меңгереді, өнегелі тәрбие алады. Ата-анамен бірлесе жұмыс жасау тәрбиеші жұмысын жеңілдетіп, баламен қарым-қатынасы жақсарып, оң нәтижелер береді. Ата-анамен бірігіп жұмыс жасауда тәрбиеші жұмысты әр түрлі бағытта жүргізіп, түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланғаны жөн.