22
апрель
2025
АК ата - аналарға кеңес "Баланың мектепке дайындығына әсер ететін фактолар"

Мақсаты: мектепке бару кезінде мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарына әдістемелік көмек көрсету.
Міндеттері: баланың мектепке дайындығына әсер ететін факторларды айқындау және баланы мектепке табысты дайындау үшін практикалық ұсынымдар қалыптастыру.
Баланың мектепке дайындығына әсер ететін фактолар
1.Дене бітімінің дамуы
− ұсақ және ірі моториканы дамыту;
− қимылдарды үйлестіру;
− баланың дені сау болуы;
− мектеп ортасының физикалық талаптарын жеңе білу (ұзақ отыру, жүгіру, секіру және кішігірім әрекеттерді орындау).
2.Когнитивті даму
− когнитивті дағдыларды дамыту (зейін, есте сақтау, ойлау, тіл дағдылары және математика алды дағдылары);
− жинақталу, нұсқауларды түсіну, мәселелерді шешу және оқу процесіне қажетті негізгі білім мен дағдыларға ие болу мүмкіндігі.
3.Әлеуметтік-эмоционалды даму
− басқа балалармен және ересектермен қарым қатынас жасау қабілеті;
− өз эмоцияларыңды басқару;
− жанжалдарды шешу;
− өзгерістер мен стресстік жағдайларды жеңу;
− жаңа әлеуметтік ортаға бейімделу қабілеті;
− басқаларға назар аудару және ынтымақтастық орнатуға эмоционалды дайындық.
4.Дербестік
− негізгі өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын (киіну, шешіну, дәретхананы пайдалану және гигиенаны сақтау) орындау мүмкіндігі;
− күнделікті міндеттердегі дербес болу мүмкіндігі.
5.Ата-аналардың қолдауы
− үйдегі қолайлы білім беру ортасы;
− баланың оқуға деген қызығушылығын қолдау және ынталандыру;
− баламен бірге үнемі оқу;
− тұрақты ойындар;
− мұражайлар мен кітапханаларға бару;
− оқу тақырыптарын талқылау;
− академиялық дамуды қолдау.
6.Мектепке дейінгі білім беру сапасы
− баланың мектепке дейінгі бағдарламаға қатысуы;
− баланың мектепалды даярлыққа қатысуы.
7.Баланың жеке ерекшелігі
− баланың өзіндік ерекшелігін және оның әртүрлі қарқынмен және бағыттарда дамуын ескеру;
− баланы мектепке табысты бейімделуі үшін қажетті қолдау мен ресурстармен қамтамасыз ету.