Кеңес: «Төтенше жағдайларда бірінші кезекте не істеу керек?» » КГКП Ясли сад № 147
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№147 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші:
+7(727) 380-12-33
Әдіскер:
+7(727) 380-12-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Кеңес: «Төтенше жағдайларда бірінші кезекте не істеу керек?»
30
декабрь
2024

Кеңес: «Төтенше жағдайларда бірінші кезекте не істеу керек?»



Төтенше жағдайларда бірінші кезекте не істеу керек?
 1. Сабырлық сақтаңыз.
 Ойыңызды жинақтап, іс-әрекеттеріңізді жоспарлап, ойластырылмаған қадамдарға бармаңыз.
 2.Әрекет етудің өзіндік жоспарын құрыңыз.
 Өзіңіз тұратын ауданды шолып шығыңыз, мұнда қандай апаттардың ұдайы болып тұратынын анықтаңыз да, төтенше әрекеттердің мейлінше жалпылама жоспарын ойластырыңыз. Сонда шын мәнінде төтенше жағдай орын алғанда, оған тек тиісінше өзгерістер енгізсеңіз жеткілікті болады.
 3. Сондықтан бәрін бүге-шігесіне дейін тәптіштеуге тырыспаңыз. Сіздің жоспарыңызда мейлінше жалпылама нәрселер ғана болуы керек:
 • Қатер төнген жағдайда қай жерге паналайсыз.
 • Орныңызда қалуға болмайтын жағдайда қандай жолмен эвакуацияланасыз.
 • Алғашқы ойлағаныңыз бұғатталған болса, тағы қандай шегіну жолдары бар.
 • Қалай эвакуацияланасыз - машинамен, қайықпен немесе басқадай жолмен. Қолайсыз сәтте машина бұзылып қалған жағдайда не істейсіз.
 • Үйде немесе басқадай орында бас сауғалауға тура келсе, қолыңызда қандай заттар болуы тиіс.
 • Эвакуация кезінде қандай заттарды ала кетесіз.
 4. Алғашқы қажеттілік жиынтығын дайындаңыз (дұрысында, екі бірдей жиынтық)
 • Алғашқы жәрдем дәрі қорабы.
 • Құтылардағы консервіленген азық-түліктер және пластик шишалардағы ауыз су. (бір құты кофе мен бір қорап шай, тұз салынған қорапша алуға да болады).
 • Транзистор қабылдағыш және электр қол шамы.
 • Қабылдағыш пен қол шам үшін қосалқы батареялар жинағы.
 • От жағатын жағдайға арнап - герметикалық қораптағы сіріңке, оттық және қағаз.
 • Құрал-саймандар мен ас үй жабдықтары – тым болмаса шаппалы бәкі, қасықтар, шанышқылар, екі-үш табақ және саптыаяқтар, консерві ашқыш, жеңіл туристік балта.
 • Медициналық көрсеткіштер бойынша отбасы мүшелері жүйелі түрде қабылдайтын дәрілер (нұсқау бойынша оларды тоңазытқышта сақтау қажет болмаған жағдайда).
 Тағы бір осындай жиынтықты автокөліктің жүксалғышында сақтаған артық болмас еді.
 Отбасылық құжаттар мен ақшаны кез-келген жерге тастамай, өзіңіз оңай табатындай белгілі бір орынға сақтаған жөн.
 Өздеріңізге қандай киімдердің қажет болатынын ойластырыңыз да, төтенше жағдайлар үшін отбасы мүшелерінің әрқайсысына арнап, біраз киім, аяқ киім: жазға - су өтпейтін, қысқа - жылы киімдер мен аяқ киімдер дайындап қойыңыз. Шатыр мен ұйықтауға арналған қаптар болғаны дұрыс.
 5. Артық ештеңе алмаңыз.
 Алайда, мынаны есте ұстаңыз: көбірек тамақ, ауыз су және дәрі-дәрмек, бір-екі бастапқы қажеттілік жиынтығын алған жөн.