23
октябрь
2025
Алтын күз 2025
1. Танымдық мақсатыТабиғат өзгерістерін түсіндіру: Балаларға күз мезгілінің ерекшеліктерін (жапырақтардың сарғаюы, күннің суытуы, құстардың қайтуы) ұғындыру.
Жеміс-жидек пен көкөністерді тану: Олардың түрлерін, түстерін және адам денсаулығына пайдасын ажырата білуге үйрету.
2. Тәрбиелік мақсаты
Табиғатты аялау: Қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға, табиғат сұлулығын сезіне білуге тәрбиелеу.
Еңбекке баулу: Диқандардың, бағбандардың еңбегін бағалауға және күзгі өнімді жинау — үлкен еңбектің жемісі екенін түсіндіру.
3. Дамытушылық мақсаты
Шығармашылық қабілетті арттыру: Балалардың өлең айту, би билеу, рөлге кіру (сахналық қойылым) және мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.
Тілдік қорды байыту: Күз туралы жаңа сөздерді, мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды үйрету арқылы сөздік қорын кеңейту.
[media=
]