Топтар » Страница 4 » КГКП Ясли сад № 147
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№147 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші:
+7(727) 380-12-33
Әдіскер:
+7(727) 380-12-33
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Аналар меркесі" МД "Балдырған" тобы тәрбиешісі Тайманбетова А.А
27
февраль
2020
"Аналар меркесі" МД "Балдырған" тобы тәрбиешісі Тайманбетова А.А
Менің қамқорым, ақылшым, өмірімнің бұла күші, көңілімнің қуанышы, сезімімнің жыр ағысы – аяулы анам, 8 наурыз мерекеңіз құтты болсын. Ұл-қызыңыздың қызығын көріп, аман-сау ортамызда жүре беріңіз. Бақытты отбасыңыздың берекесі мәңгілік болсын. Анашым шалқып күлсең,Алдымда ұзақ жүрсең,Жүрегім жыр толғайды,Көңілім ортаймайды.Анасы бар адамдар,Ешқашан қартаймайды.
"Аналар мерекесі" Ортаңғы "Аяулым" тобы тәрбиешісі Кемалова Д.И
27
февраль
2020
"Аналар мерекесі" Ортаңғы "Аяулым" тобы тәрбиешісі Кемалова Д.И
Аналарды құттықтау Аяулы, сүйікті, қамқоршым – Асыл Анам, Сізді 8 наурыз мерекеңізбен шын жүректен құттықтаймын. Сіз болмағанда жарық дүниенің қадірін, махаббаттың ләззатын, мейір-шапағаттың тереңін сезінбес ем. Қашанда жаныңызға жақсылық нәсіп болғай. Сізді сүйемін.Бесік жырың ғұмырымды күй қылған,Есіл нұрың ойыма ақыл құйдырған.Асыл ана, құтты болсын мерекең,Құшағына күллі әлемді сыйдырған.
"Өзін-өзі тану"  "Достық әлемі" Мд "Ертөстік" тобы тәрбиешісі: Р.Ж.Бақытбекқызы
11
февраль
2020
"Өзін-өзі тану" "Достық әлемі" Мд "Ертөстік" тобы тәрбиешісі:
Мақсаты: «Достық» ұғымын, оның құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру. Міндеттері: - достық, татулық, бірлік ұғымдарын түсіндіру; - өзара татулық сезімдерін дамыту; - достықты қадірлей білуге тәрбиелеу. Шаттық шеңбері -Амансыңдар ма, балалар! Мен сендермен кездескеніме қуаныштымын. Достарды біз қолдаймыз Қиын шақта қорғаймыз, Біздің топта ұл-қыздар, Тату-тәтті ойнаймыз. Ұйымдастыру-ізденушілік Балаларға әдемі ойыншық мысықты беру. Әңгімелесу. С. Сейтеновтың «Атасының ақылы» әңгімесін оқу. Әңгіме
"Өзін-өзі тану": "Махаббат пен шығармашылық педагогикасы" Мд "Ұлан" тобы тәрбиешісі: Нұрлыбаева Б.Б
11
февраль
2020
"Өзін-өзі тану": "Махаббат пен шығармашылық педагогикасы" Мд "Ұлан"
Біз XXI-ші ғасырда, адам санасының шарықтап дамыған уақытында өмір сүру мүмкіндігін алып отырмыз. Бұл бізден осы заманның сұранысы мен талабына сай білімді, рухани байлықты қажет етеді. Баланың жеке тұлға ретінде үйлесімді қалыптасуы мен дамуы өзін-өзі тани білгенде ғана жүзеге аспақшы. Осы орайда көптеген жылдар бойы аналық жүрек жылуын бала өміріне арнап келе жатқан Сара Алпысқызының авторлығымен енгізілген «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының маңыздылығын және сырлы
"Менің есімім" Мд "Айгөлек" тобы тәрбиешісі: Сембаева Ж.Ж
10
февраль
2020
"Менің есімім" Мд "Айгөлек" тобы тәрбиешісі: Сембаева Ж.Ж
Мақсаты: Әрбір баланың қайталанбас жеке тұлға екендігін түсіндіру.Адамның есімі,оның адамға деген қызығушылығын арттыру. Ұйымдастырушылық-оятушылық І Шаттық шеңбері Балаларды шеңберге тұрғызып,әр балаға өз есімін айтқызу,жағымды қасиеттерді атату. Балалар үлкен шеңбер жасап тұрады да,әр бала өз есімін айтып,бас әрпіне сай жағымды сөз айтады. Ұйымдастырушылық-ізденушілік Балалардан өз есімдері жайлы ойлануды ұсыну. Есімдерің өзіңе ұнай ма? Есіміңді кім қойды? К.Ыбыраев"Әйбат есімдер"оқу.
"Өзін-өзі тану" "Менің балабақшадағы достарым" Мд "Балдырған" тобы Тайманбетова А.А
10
февраль
2020
"Өзін-өзі тану" "Менің балабақшадағы достарым" Мд "Балдырған" тобы
Мақсаты: а) білімділік:балаларға «дос» сөзіне түсінік беру, өзінің досының есімін және досы туралы айта білуге үйрету. Сөйлеу мүшесінің қозғалыс қимылын, саусақ моторикасын жаттықтыру. б) дамытушылық:зейінің, есте сақтау қабілетін, ойлау қабілетін дамыту, ойын дағдыларын қалыптастыру, фонематикалық есту қабілетін, сөйлеу тілін және сөздік қорың дамыту, сабаққа деген қызығушылығын арттыру, ойындар арқылы еркін, дұрыс жауап беруге дағдыландыру. в) тәрбиелік: өзін тануына, достарын бағалауға,
"Өзін-өзі тану" "Менің отбасым" Ересек "Балапан" тобы тәрбиешісі: Бекбауова М.К
07
февраль
2020
"Өзін-өзі тану" "Менің отбасым" Ересек "Балапан" тобы тәрбиешісі:
Мақсаты:Білімділік: Балаларды өзінің отбасы, жақсы көретін адамдары, олардың жақсылығы мен қайырымдылығы, мәдениеті мен сыпайылыққа қатысты сөздерді қолдануға үйрету. Балалардың іс-әрекеті Себепті қызығушылығын ояту кезеңі Жылулық шеңберіне жиналу. Ән салуға барамыз, Досымызды табамыз. Сәлемет пе, міне, мен! Доспын енді сенімен. Балалар, отбасы дегенді қалай түсінесіңдер? Балалар жылулық шеңберіне жиналып, өлең жолдарын қайталып айтады. -Балалар, қалай ойлайсыңдар, жылы сөздерді сендерге кімдер
"Өзін-өзі тану" "Түсінумен кешіруді үйренеміз" Ересек "Құлыншақ" тобы тәрбиешісі: Абдраманова А.Т
07
февраль
2020
"Өзін-өзі тану" "Түсінумен кешіруді үйренеміз" Ересек "Құлыншақ" тобы
Мақсаты: «Кешірім» « өзара түсіністік » адамгершілік қасиеттері туралы түсінік беру;кешірім, түсінісу сөздерінің мағынасын түсіндіру;балалардың жақсы қасиеттерін дамыту; өзара сенім мен түсінікке тәрбиелеу. Балалардың іс-әрекеті Ұйымдастырушылық оятушылық Шаттық шеңбері « Жақсылық көрсең біреуден,» Ө.Ақыпбековтың өлең жолдарын қайталау. Балалар шаттық шеңберге тұрады. Қызығушылықтары оянады. Ұйымдастырушылық ізденушілік Тәрбиеші балаларғаС.Сарғасқаевтің «Неліктен ойнамайды» деген әңгімесін оқып
"Өзін-өзі тану" "Менің отбасым" Ортаңғы "Аяулым" тобы тәрбиешісі: Кемалова Д.И
06
февраль
2020
"Өзін-өзі тану" "Менің отбасым" Ортаңғы "Аяулым" тобы тәрбиешісі:
Сабақтың мақсаты: балаларға отбасы туралы түсінік беру, өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Ойын арқылы есте сақтау қабілетін, қарым қатынас дағдыларын дамыту. Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Шаттық шеңбері. Көтеріліп шаңырақ, Уықтары шаншылар. Керегелер керіліп, Өрімдей боп өрілер. Бәріміз жүрсек айналып, Киіз үй болып көрінер. - Балалар, біз қандай заттың бейнесін жасадық? - Ал, киіз үйде кімдер тұрады? - Оларды бір сөзбен қалай атаймыз? - Дұрыс айтасыңдар. Бүгінгі біздің