«Жыл мезгілдері» ашық бақылау
Мақсаты:
Жылдың төрт мезгіліндегі құбылысты салыстыру және ажырата айта білу.
Қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, сөйлеу қабілеттеін дамыту.Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер: төрт мезгілге байланысты ағаштан жасалған шынайы талдармен таныстыру-көрсету, түсіндіру.
Сөздік жұмыс: Жаз, күз, қыс, көктем.
Көрнекіліктер: тақырыпқа сай сурет үлгісі. Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбер:
Табиғат біздің анамыз
Табиғатқа баламыз
Иіліп сәлем береміз
Біз әдепті баламыз
Өткенді қайталау
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілі.
-Күз мезгіліндегі табиғаттағы өзгерістерді атаңдаршы:
-Күз айларын атаңдар?
-Өте жақсы
Ұйымдастыру — іздестіру
Жаңа тақырып:
1.Кіріспе бөлім
-Балалар маған қараңдаршы, менің қолымда әр түрлі түсте шарлар бар.
Бұл шарлардың түстері осы төрт жыл мезгілін сипаттайды.
Күз –сары түсті
Қыс – ақ түсті
Көктем — көк түсті
Жаз — жасыл түсті
Осы шарларды жылдың қай мезгіліне сәйкес келетінін мына сөз жұмбақтар арқылы табамыз.
Ой – қозғау:
Сөз жұмбақ:
1. Жапырақтар сарғаяды.
Күн бұлттанады,
Жаңбыр жиі жауады.
Құстар жылы жаққа ұшады,
Айтыңдаршы балалар
Бұл қай кезде болады? (Күз)
2. Шана зырғып келетін,
Шаңғы, коньки тебетін.
Аққала жасап ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың? (Қыс)
Қар – мұз еріп,
3. Су көбейіп .
Бүршік шашып.
Жапырақ ашып ,
Бәйшешектер басады .
Айтыңдарышы балалар ,
Бұл қай кезде болады? (Көктем)
4. Күнің көзі шуақты .
Балалар жүр шомылып,
Көбелектер қуып ойнайтын .
Қай мезгіл деп ойлайсың? (Жаз)
-Рахмет балалар :
Жаңа тақырып:
-Балаларды слайдқа экранға назар аударту.
-Суретпен әңгімелесу.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінің жайсыз жағы қандай?
-Аяз, боран, суық.
-Ал жақсы жағы қандай?
-Таза ауа, қар көп болады, шана тебеміз, ойнаймыз.
Қыс мезгілінен кейін қандай жыл мезгілі бар?
Көктем — мезгілінің жайсыз жағы қандай?
-Жер лайсаң болады, қар ериді.
-Жақсы жағы қандай?
-Ағаштар бүршік атады, күн жылынады, құсттар жылы жаққа ұшып келеді.
Көктем мезгілінен кейін қандай жыл мезгілі бар?
-Жаз – мезгілінің жайсыз жағы қандай?
-Күн ыстық болады.
-Жақсы жағы қандай ?
-Суға түсеміз, жемістер – көкеністерді жейміз.
Жаз мезгілінен кейін қандай жыл мезгілі бар?
-Күз – мезгілінің жайсыз жағы қандай?
-Жаңбыр жауады, суық болады
-Жақсы жағы қандай?
Жеміс пен көкөністер де пісіп, қаңбаға астық толады.
-Балалар біз бағанадан бері жыл мезгілдерін атадық, олардың жақсы – жаманын айыра білдік.
Балалармен жұмыс:Арт-терапия стеклосына төрт мезгілдің суреттері ақ қағаз бетіне бейнеленіп жапсырылған.Соны қол маторикасы арқылы жұмыс жасатамыз.Балалар суретті саусақтарымени бояп шығады.Суретте жыл мезгілдеріне байланысты суреттер көрсетілген болатын.Балалар бояп болған соң атап береді,қандай сурет бояғанын.
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар.
Алдымнан жел елді,
Кіп — кішкентай ағаштар.
Биік болып өседі.
Дидактикалық ойын: «Ғажайып алаң»
Шарты: Әуен ойналады, дөңгелен ғажайып алаңнан айналып жүреді.
Онда төрт мезгідің суреттері болады.
Балалар қай суретке тоқтайды сол суретке қарап,
ненің суреті және неге байланысты екенін әңгімелеп береді Балалар ойынды қызықты өткізеді. Қорытынды:
-Балалар, бүгін қызықты не білдік?
-Жыл мезгілдерінің өзгерістері қандай болады екен?
-Жыл мезгілдерінің өзгерістері қандай болады?
-Жыл мезгілінің суық неге жылуын және пайдалы мен зиянын
білдік пе?
Үйге тапсырма:
Қыс туралы тақпақ жаттау.
Мақтау – мадақтау
Балаларды белсенділіктеріне байланысты смайликпен даралап
мақтау — мадақтау
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Жыл мезгілдеріндегі табиғат құбылыстарын
Болу керек: Жыл мезгіліндегі табиғаттағы өзгерістер туралы түсінігі
болу керек.
Істей білу керек: Жыл мезгілдеріндегі жақсы — жаман жақтарын
ажырата айта білу.