07
февраль
2020
Аудандық МДҰ арасында өтілген ІІ «Шексіз талант» байқауының бас жүлдесін иелендік!
КМҚК «№ 147 бөбекжай – балабақшасы»
М.Әуезовтің «Абай жолы» романынан үзінді
Музыка: Қыздар билеп, ойын ойынап, сәукеле тағылады. Ұлжан баламен кіреді.
Запись:
Автордың сөзі қойылады: І-бөлім
Әжелер: - Зере, немереңнің бауы берік болсын!
Ағайын: - Аман есенсіздер ме!
Әже: - ООу амансың ба, айналайын?
Ағайын: - Баланың бауы берік ғұмыры ұзақ болсын!
Әжелер: -Аумин, аумин айтқаның келсін!
Ағайын: - Құнекең қамдансын деп сәлем айтты, бүгін молда шақырып нәрестеге Ибраһим деген ат бермекші.
Әже: -- «ААаа, Ибраһим дейме» -(деп шуласады)
Әжесі:
- Әлди, әлди, Абайым- Атқа тоқым жабайын- Тұста жүрген апасын- Қайдан іздеп табайын? – әлди, әлди, әлди-ай!Ұлжан, мына баланың еметін уақыты болып қалдығой деймін!
Автордың сөзі қойылады: ІІ-бөлім
Ұры-1: - ЕЕе, құдай енді Абайдың алдына ұрлықпен апармасын.
Ұры-2: - Не, соншалық кісі жейтін адам ба?
Ұры-1: - Олай атпа оның алдына өтірікпен бара алмайсың. Жәнің қалса шын сөзіңнің арқасында қалады. Әуелі ұрлықпен ұсталып Абайдың алдына барып көрсейші.
Ұры-2: - Не істейді сонда? Арқаңа темір қыздырып басама?
Ұры-3: бір жолы қыстың күні үстіме суық су құйып тергегені бар, әй оны қойшы бәріненде жауап алған кезде ұяттан өле жаздайсың. Ұрлаған малың түгілі шегіңнің қырындысына дейін жайып саласың. Қылмысыңды қалай мойындағаныңды білмей қаласың
Ұры-1: - Әлгі Абайға арнаған өлеңіңді айтып берсеңші.
Ұры-3:
Күнту болыс болғанда жорытқаным-ай,
Керейменен найманды торытқанымай.
Қазы менен қартаны кертіп шайнап
Абай болыс болғанда қорыққаным-ай.
Музыка қойылады: ІV-бөлім
(Абай қаламмен отырады)
Абай:
- Тоғжан, Тоғжан ауылыңда болған екі-үш күннің ішінде қиял ғажайып перизаттар елінде жүргендей өзіме әсем сезім қалдырдым. Сені сөзге қалдырып жүрермін деп қауіптеніп атанып барам. Бірақ кетіп бара жатқан сыртқы сүлдірім ғана, ал жан жүрегім осында жан жүрегім сенің қасыңда қалып барады. Білмеймін енді жүрексіз қалай өмір сүретінімді. Тоғжан, Тоғжан не жауап айтасың, кел десең келейін, өл десең өлейін. Тағдырымды тапсырып тұрмын қолыңа, аяулы асылым!Тоғжан:
- Ақылым «келме» - деп айт дейді, ал жүрегім «кел-кел» - деп айт дейді. Екі оттың ортасында тұрып, не айтарымды да білмей тұрмын. Өзіңді де қинап, мені де азапқа салып тұрсыңғой Абай. Буынсыз жерге пышақ ұрып тұрғаныңды қалай білмейсің, соный айтшы?Абай:
- Неге білмеймін, неге сезбеймін. Бірақ бұлдыр ақылмен сезем. Қазір мына баста ақылда жоқ, есте жоқ. Есімді алған өзіңсің Тоғжан жауабыңды берші Жансеулем!!!
Тоғжан:
- Екеуміз екі жақта жүрек қалауын ақыл тізгініне, уақыт сынына салып көрейік. Сонда жүрек недер екен, ақвл недер екен? Мүмкін жүрек тулап-тулап сабасына түсер, ақылға келер.Абай:
- Бұл тапсырмаңды орындауға дайынмын бірақ мен мың рет айтқан «Сүйем» - деген сөзді сенің аузыңнан ести алмай кеткенім бе Тоғажан?Тоғжан:
- Абай, сүймесем осылай сөз байласып, уәде алысып тұрамын ба? Мен мүмкін сенен де артық, сенен де күштірек сүйетін шығармын.Абай:
- Болды, болды сен жеңдің мен жеңілдім. Сүйем деп айтқызды деп айыптай көрме? Тоғжан:
- Абай, жорытқанда жолың болсын! Алладан тек сенің амандығыңды сұраймын. Уәделі уақытта, уәделі жерде өзіңді тосамын, хабарыңды күтемін . қош, қош бол, қош бол Абай......Тоғжан, Тоғжан, Тоғжан.....
Абай:
- Жарық етпес қара көңілім не қылсада, Аспанда ай мен күн де шағылсада.
Сенен артық жар жоқ,
Саған жар менен артық табылсада........